$ 494.87  520.65  4.91

Отандық бизнесті қолдауға ел бюджетінен 1 триллион теңге бөлінетін болды

«Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
фото: zhasalash.kz
фото: zhasalash.kz

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін мемлекеттік бюджет есебінен 1 триллион теңге бөлінбек. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасына жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд тг сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырамын» деп жазды мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол отандық бизнесті қолдау үшін 1 триллион теңге бөлінетінін атап өтті.

«Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары