Алматы мен Шымкенттегі айырбастау орындарының көбі долларды 452 теңгеден сатып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, Алматыда кей айырбастау орындары бір АҚШ доллары үшін 455 теңге сұрап отыр. Елордалық айырбастау пункттері долларды 450-451 теңгеден сатып жатыр.
Ұлттық банктің 21-25 наурыз демалыс және мереке күндеріндегі ресми бағамы бір доллар үшін – 444,8 теңге.
Бұған дейін Brent мұнайы 3 пайызға қымбаттағаны хабарланған. Қазір бір баррелдің бағасы 28,16 долларға жетті.