Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге көлемінде төлем алуы үшін оларға есепшот ашуды тапсырды, деп жазады Sputniknews.kz.
"Премьер-министр төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандар төлем алуы (42 500 теңге) үшін азаматтарға есепшот ашу жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті", - делінген үкімет басшысының ресми сайтында.
Мемлекеттік комиссия мектеп оқушыларының төртінші тоқсанда қашықтан оқу мәселесін қарастырды.
"Білім және цифрлық даму министрліктеріне қашықтан оқыту процесіне мониторинг жүргізіп, әдістемелік қолдау көрсетуді тапсырамын", — деді Мамин.