10.04.2020, 17:20

Биржадағы доллар бағамы төмендеп жатыр

Фото: skifnews.kz
Ұлттық валюта долларға шаққанда күніне 0,61 теңгеге нығайды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің орташа бағамы 431,94 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz.

Ұлттық валюта долларға шаққанда күніне 0,61 теңгеге нығайды.

7 сәуірде биржадағы доллар бағамы 437,98 теңгені құрады.

Айта кетейік, күшейтілген карантин режимі кезеңінде Нұр-Сұлтан мен Алматыда айырбастау пункттері жұмыс істемейді. Шымкенттік айырбастау пункттері АҚШ валютасын 432-433 теңгеден сатуда.

10 наурыздан бастап Ұлттық Банк интервенция жүргізді, оның көлемі 1 миллиард 487 миллион 600 мың долларды құрады.