Эквадор президенті Ленин Морено коронавирус, мұнай бағасының құлдырауы және бюджет тапшылығынан туындаған күрделі дағдарыс салдарынан жоғары лауазымды шенеуніктердің жалақысын 50 пайызға қысқаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап
Ол бұл жайлы Twitter парақшасында жазды.
«Мен президенттің, вице-президенттің, министрлер мен вице-министрлердің айлық жалақысын 50 пайызға қысқартуға бұйрық бердім», - деп жазды ол.
Мұнан бөлек, Морено бұл қысқарту ұлттық парламент депутаттары мен жергілікті билік өкілдеріне де қатысты екенін де ескертті.
Жұма күні Эквадор басшысы елде гуманитарлық көмек қоры құрылатынын мәлімдеген еді. Ол бюджет есібінен емес, азаматтық қоғам мен кәсіпкерлердің жарнасы арқылы толықтырылады.