$ 498.34  519.72  4.85

«Қате ақпарат беріп үлгерген»: айлығын шеше алмай отырған Tengri bank клиенттері Президентке үндеу жолдады

Жақында банктің Нұр-Сұлтан қаласындағы клиенттері офиске барып, мәселенің шешімін табуға тырысқанымен, банк қызметкерлері клиенттермен жаға жыртысты.
Фото: Kapital.kz
Фото: Kapital.kz

Танымал нумеролог ҚР Президентіне "Tengri bank" салымшыларының атынан үндеу жолдады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нумерологтың Instagram-парақшасындағы жазбасына сенсек, банк ақша шешу жағынан лимит қойып тастаған. Бірақ лимит бойынша банк клиенттері төтенше жағдай басталғалы бері депозиттегі ғана емес, маңдай термен тапқан айлығын да ала алмай отырған көрінеді. 

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Tengri bank халықтың ақшасын шешіп алуына мүмкіндік бермей отыр. Бір айдан астам уақыт өтсе де, олар тіпті шайлығына жететін айлығын алуға зар болып қалды. Банк ресми түрде 50 мыңға дейін қаражатты шешіп алатын лимит орнатқанымен, тіпті банкомат 500 теңге де бермейді.

Мұндай жауапсыздық қашанға дейін жалғаспақ?

Жақында банктің Нұр-Сұлтан қаласындағы клиенттері офиске барып, мәселенің шешімін табуға тырысқанымен, банк қызметкерлері клиенттермен жаға жыртысты. Болған оқиғаны видеоға түсіруге тырысқан адамдардың жұлма-жұлмасын шығарды.

ҚР Ұлттық Банкі банк салымшыларының арызына пысқырып та қарап отырған жоқ. Олар бұл жағдайға құзыры жүрмейтінін айтуда. Банк клиенттері ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымоваға да арызданды. Бірақ "Tengri bank" клиенттердің алдын орап, төрағаға қате ақпарат беріп үлгерген. Ақпаратта "уақытша тек лимит бойынша ақша шешу мүмкіндігін ұсынып отырмыз" деп жазылған. Шын мәнісінде, банк клиенттерінің біреуі де банк кассалары арқылы да, банкомат арқылы да, тіпті онлайн жүйе арқылы да бір тиын шеше алмай отыр", - делінген жазбада.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары