Экономика 29.04.2020 сағат 20:00

S&P: Kaspi-дің нарықтық позициясы мықты және тәуекел менеджмент жүйесі дамыған

Рейтинг агенттігі банктің рейтингтерін растады. Болжам «тұрақты».
S&P: Kaspi-дің нарықтық позициясы мықты және тәуекел менеджмент жүйесі дамыған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

28 сәуірде S&P Global Ratings «Kaspi Bank» АҚ кредиттік рейтингтерін «ВВ-/В» деңгейінде растады, бұл қазақстандық банктер арасындағы ең жоғарғы рейтингтердің бірі.

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді:

«Рейтинг агенттігі кезекті рет біздің стратегиямыз бен бизнес-үлгімізді жоғары бағалады. Елдегі ең танымал мобильді қосымша Kaspi.kz-тің көмегімен біздің сүйікті клиенттеріміз жеке қаражаттарын басқарып, сатып алады, аударым мен төлем жасайды және үйден шықпастан, жеткізу қызметімен онлайн зат сатып алады. Бұл ыңғайлы, тиімді және қауіпсіз, карантин мен төтенше жағдай режимінде аса маңызды».

Рейтинг агенттігінің пікірінше Kaspi-дің басқа банктерден тиімділігі үш маңызды фактор арқылы ерекшеленеді.

Біріншіден, банктің тұтынушылық несиелендіруде нарықтық көшбасшылық позициясы бар және төлемдер бойынша шешімі бизнес сапасын қолдайды және капиталының айтарлықтай қоры бар.

Екіншіден, Kaspi-де тәуекел менеджмент жүйесі дамыған. Нәтижесінде кредит портфелінің сапасы нарықтағы орташа көрсеткіштен 2 есе жақсы.

Үшіншіден, банктің өтем қабілетінің көрсеткіштері өте жоғары, сарапшылардың пікірінше ары қарай да осылай болады. 

Клиенттердің жиынтық қаражатының 94% шоғырлануы төмен жеке тұлғалардың депозиті, бұл депозиттік базаның жоғары деңгейде тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 

Ал басқа банктерде негізінен мемлекетпен байланысты шоғырлануы жоғары корпоративтік депозиттер. Kaspi-де ең ірі 20 салымшының еншісіндегі шоғырланған депозиттер 10%-дан төмен. Ал банктік секторда орташа көрсеткіш 30%. 

Агенттік пікірінше бұл факторлардың барлығы Kaspi-ге COVID-19-ға қарсы шаралар мен мұнай бағасының өсуі аясындағы экономикалық өсімнің баяулауына қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар