$ 494.87  520.65  4.91

«2 миллиард теңге инвестиция тартылған»: Төлеби ауданында машина құрастырылмақ

Зауыттың жыл сайынғы өнімділігі 60-70 тоннаға жетеді. Айта кетерілігі, мұнда отандық шикізат пайдаланылып, өндірілген өнімдерді еліміздің ішкі нарығына шығару жоспарлануда.

Биыл Түркістан облысының Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың бірі – «Ленгер машина жасау» зауыты іске қосылатын болады, деп хабарлайды baq.kz.

«Аталған жобаға 2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда зауытта толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргілізіп жатыр. Нәтижесінде, жалпы өндірістік аумағы 13096 шаршы метрді құрайтын алпауыт кәсіпорын іске қосылатын болады», - денлінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Кәсіпорын машина жасау өнеркәсібіне маманданған. Зауыттан халықтың сұранысына қажетті машина жабдықтары, жиһаз өнімдері, темір бұйымдары мен бөлшектері шығарылмақ.

Зауыттың жыл сайынғы өнімділігі 60-70 тоннаға жетеді. Айта кетерілігі, мұнда отандық шикізат пайдаланылып, өндірілген өнімдерді еліміздің ішкі нарығына шығару жоспарлануда.

Алдағы уақытта жаңа жұмыс орындары ашылып, 250 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары