$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде азық-түлік бағасы 2017 жылмен салыстырғанда әлдеқайда қымбаттап кеткен

Сауда және қызмет көрсету нысандары қызметінің тоқтауына байланысты азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсуі шамамен алдыңғы айдың деңгейінде сақталған.

Қазақстанда азық-түлік бағасының қымбаттау деңгейі 2017 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Сауда әріптестері елдерінде карантин шараларының енгізілуі нәтижесінде шектелген импортқа байланысты ұсыныстың жеткіліксіз болуы жағдайында азық-түлік тауарлары бағасының бір айдағы өсуі 1,9% құрады, жылдық өсу 10,4%-ке дейін жылдамдады, бұл 2017 жылдан бастап ең жоғары көрсеткіш. Биыл сәуірде негізінен жеміс мен көкөніс – 5,6%, қант – 6,2%, жарма – 3,4% қымбаттады», - деді Е.Досаев.

Сауда және қызмет көрсету нысандары қызметінің тоқтауына байланысты азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсуі шамамен алдыңғы айдың деңгейінде сақталған.

«Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы жылдық көрсетуде 5,4%-ке өсті. Ұлттық валютаның әлсіреуіне байланысты дәрі-дәрмек пен жеке қолданыстағы тауарлар бағасының өсуі жанар жағармай бағасының төмендеуімен реттелді. Сәуірде бензиннің бағасы – 1,3%, дизель отынының бағасы 2,3% төмендеді», - деді Ұлттық банк төрағасы.   

Ал, ақылы қызметтер бағасының жылдық өсуі 3,5% деңгейінде сақталған. Бұған төтенше жағдай режимі кезеңінде коммуналдық қызметтер тарифтерінің уақытша төмендеуі әсер еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#азық-түлік