Түркістандық шаруалар қырыққабат экспорттауды бастады. Бастапқы 200 тонна өнім Беларусь еліне жөнелтілді. Таяу күндері тағы 300 тоннасы жіберіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Айта кетерлігі, аймақта 300 мың тонна өнім жиналғанмен, соның тең жартысы өзіндік құннан төмен бағаға сатылған. Былтыр бақша дақылының әр келісі 90-120 теңге аралығында болса, биыл бұл 15-20 теңгеден аспай тұр.
«131 тоннасы сатылды. Оның 41 мың тоннасы көршілес Ресей, Беларусь, Қырғызстан елдеріне экспортталды. Карантинге қатысты ешқандай шектеу жоқ. Блок-посттардан температурасын өлшеп, ешқандай кедерігісіз өтіп жатыр.
Біз өкімет резервінен төмен несиелендіру мақсатында 1,6 миллиард қаржы сұраттық. Қазіргі таңда бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бөлінген жағдайда 0,0 пайызбен қырыққабат еккен тауар өндірушілерді несиелендіреміз», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Әлібек Плалов.