$ 494.87  520.65  4.91

20 мыңдық теңге айналымға шықпайды ― Келімбетов

Алдағы уақытта 20 мыңдық теңге айналымға шықпайды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

― Алдағы бірнеше жылда бұл ақша бірлігінің айналымға шыққанын қаламаймын. Әрине ол қаражатта менің қолым қойылған нұсқасы шықпайды, ― деп К.Келімбетов журналистердің тиісті сұрағына жауап қайтарды.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, ол басқаратын мекеме 20 мыңдық бірлік ақшаны шығару әлі ерте деген шешімге келген.

― Ал алдағы уақытта бұл мәселенің қалай шешім табатынын уақыт көрсете жатар, ― деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары