Бесқарағай ауданы «Семей-Қоянбай» тас жолының 102-і шақырымында «КрАЗ» көлігі аударылып, жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 тоннаға жуық мұнай өнімі төгілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдегендей, аталған тас жол бағытында «Volkswagen» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «КрАЗ» бензин тасымалдаушы көлігінің қозғалысына кедергі келтірген.
«КрАЗ» жүргізушісінің рулін кілт бұруынан көлік аударылған. Оқиға салдарынан жалпы аумағы 50 шаршы метр жерге 10 тонна шамасында мұнай өнімі төгілді. Абырой болғанда, өрт шыққан жоқ. Жүргізушілер аудандық ауруханадан тексеруден өтіп, стационарлық емдеуге жіберілді», делінген хабарламада.