Экономика 04.06.2020 сағат 07:45

«Өндірушілер үшін үлкен жетістік»: қазақ шұбаты Қытай еліне экспорттала бастады

Түйенің құрғақ сүтінен жасалған «Saubota» өнімінің бірінші партиясы жөнелтілді. Олар алдымен Ланжоу провинциясына, сосын Бейжің қаласына экспортталады.
«Өндірушілер үшін үлкен жетістік»: қазақ шұбаты Қытай еліне экспорттала бастады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов facebook парақшасына Қазақстанның «EURASIA INVEST LTD» зауыты Қытай Бас кеден басқармасының импорттаушылар тізіміне енгенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Биылғы жылы қазақстандық «EURASIA INVEST LTD» зауыты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ҚХР Бас кеден басқармасының импорттаушылар тізіліміне енгізілді. Бұл қазақстандық өндірушілер үшін үлкен жетістік болып табылады. Өйткені, ҚХР нарығы біздің қазақстандық сапалы өнім өндірушілер үшін күрделі, бірақ, өте перспективалы және де ауқымды нарықтардың бірі болып саналады», - дейді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, жеке және мемлекеттік мекемелермен ұзақ бизнес-келіссөздерден, Қытай стандарттарын талдаудан кейін компания ҚХР-ға түйенің құрғақ сүтінен жасалған «Saubota» өнімінің бірінші партиясын жөнелткен. Сонымен, Қазақстан өнімі алдымен Ланжоу провинциясына, сосын Бейжің қаласына экспортталады.

«Компанияның жоспарында ҚХР-дың тағы да 4 провинциясы бар!
Біздің министрлік экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған қажетті құжаттарды берген кезде, компанияға қолдау көрсетеді.
Компанияға алдағы уақытта табыс тілейміз!» деп жазды министр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар