$ 494.87  520.65  4.91

Халықаралық қаржы ұйымдары қорқынышты болжам жасап отыр

Еуропалық қайта құру және даму банкі «қазақ экономикасы 3 пайызға әлсірейді» деп есептеп қойыпты.
фото: forumdaily.com
фото: forumdaily.com

 Короновирустың кесірінен жалпы ішкі өнім бұрын-соңды болмаған ең төменгі деңгейге түседі. Ұлттық экономика министрі 2020 жылға осындай сүреңсіз болжам жасап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.

 Экономиканың даму қарқыны қазірдің өзінде 0,2 пайызға төмендеп кеткен. 

"Жалпы ішкі өнім қаңтардан бастап сәуір айына дейін 0,2 пайызға төмендеді. Ал тауар өндіру 5,8 пайызға өсті, дегенмен қызмет көрсету 4 пайызға түсіп қалды. Экономикалық көрсеткіштің төмендеуіне осы жағдай әсер етті. Әрине, экономикалық ахуалды тұрақты етіп ұстап тұруға жедел шаралар қабылдап жатырмыз. Дегенмен көрсеткіш бұдан да төмендеуі мүмкін деген болжам бар. Яғни, 0,9 пайызға дейін түсуі мүмкін", - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.     

  Ал былтыр 4,5 пайызға жоғарылаған. Тұрғындардың табысы 6,5 пайызға өсіп, сыртқа бақандай 58 миллиард доллардың тауары сатылған. Сонда министр келесі жылы да өсім жалғасады деп зор жоспар құрған. Алайда коронавирус ол болжамның быт-шытын шығарды. Небәрі төрт айда инфляция 6,7 пайызға бір-ақ жетіп, ал экспорт үш есеге қысқарып қалған. Бір сөзбен айтқанда, отандық экономика қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. 

Ахуалды барынша позитивті бағалауға тырысқан министр Даленов: «Алда экономикалық көрсеткіш 0,9 пайызға түседі» - деп отыр. Ал Ұлттық банктың болжамы одан екі есе төмен.

 Олардың пікірінше, эпидемиялогиялық ахуалға байланысты жалпы ішкі өнім 1,8 пайызға бір-ақ төмендейді. Халықаралық қаржы ұйымдарының болжамы тіпті қорқынышты. Халықаралық валюта қоры - 2 жарым, ал Еуропалық қайта құру және даму банкі «қазақ экономикасы 3 пайызға әлсірейді» деп есептеп қойыпты. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары