Астанадағы океанариум сатылымға шығарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Океанариум орналасқан "Думан" ойын сауық орталығының сатылатыны жөніндегі ақпарат gosreestr.kz порталында жарияланған.
Сатылым электронды тендер негізінде жүргізіледі. Лоттың бастапқы бағасы 3 миллиард 403 миллион 306 мың 144 теңге. Саудаға қатысушылар кепілдік жарна ретінде 63 миллион 630 мың теңге төлеуі тиіс. Сауда ағымдағы жылдың 12 сәуірінде өтеді.
Айта кетейік, аталған океанариумда акуланың 5 түрі бар. Сондай-ақ, экзотикалық балықтардың ондаған түрі кездеседі. Жалпы, судағы балықтар саны 3 мыңнан асады. Сонымен қатар, "Думанда" 5D және 8D кинотаетрлар, экзотариум және джунгли ойын алаңы бар.