$ 489.06  536.21  5.05

Қарыз алушылардың кредит бойынша төлемдері кейінге қалдырылмақ

Бұл шара бизнестің борыш жүктемесінің айтарлықтай өсуіне апармайды.
фото: Kn.kz
фото: Kn.kz

Қазақстанның шағын және орта бизнес өкілдеріне тағы да 3 айға кредиттерін кейінге қалдыруға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы сейсенбі күнгі Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz.

«Төтенше жағдай режимінің аяқталуына қарамастан, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметін қайта құру бірақалыпты және толық емес. Тауарлар мен қызметтерге сұраныс төмендеп, айналым мен түсім азайды. Нәтижесінде, алынған кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау төмендеді», - деп түсіндірді қолдау себебін төраға.

Осыған байланысты  2020 жылғы 16 маусым мен 15 қыркүйек аралығында шағын және орта бизнес субъектісі қосымша қолдау туралы банкке немесе микроқаржылық ұйымға өтініш жасауға құқық алып отыр. Кредиттік ұйым әр кәсіпкердің жағдайын, келешегін жеке бағалап қолдаудың 2 бағытын ұсынады.

«Біріншіден – уақытша қиындыққа тап болған қарыз алушылардың кредит бойынша төлемдерін кейінге қалдыру. Бұл шара бизнестің борыш жүктемесінің айтарлықтай өсуіне апармайды. Себебі, кредит бойынша мерзімі өткен төлемдерді төлеу қарызды толық өтеу күніне дейін немесе қарыз мерзімі аяқталған соң кейінге қалдырылған төлем мерзіміне тең қосымша кезең бойы бөлінеді.

Екіншіден – кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде кредитті жеңілдетілген талаптармен қайта қаржыландыру. Бұл мүмкіндікті барлық шағын және орта бизнес субъектілері, оның ішінде төлеу мерзімі шегерілген субъектілер пайдалана алады», - деп айтты агенттік басшысы.

М. Әбілқасымованың сөзінше, 16 наурыз бен 15 маусым аралығындағы жеңілдіктер кезеңінде 1 млн 890 мың 443 жеке тұлғаның және 12 мың 455 шағын, микробизнес өкілдерінің кредиттік қарызы кейінге қалдырылған. Кредиттер сомасы 433 млрд теңгені құрайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары