Біраз уақыттан бері басынан дау арылмай келген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорына қазақстандықтар 360 миллиард теңге жинапты. Бұл туралы аталған қордың Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Аzattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
Қорға түсен жарнаның басым бөлігі жұмысшылардың еңбекақысынан аударылған. Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлеушілер саны да артқан. Алматы қаласы бойынша 2019 жылдың басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 171 мыңнан астам адам 242,8 миллион теңге көлемінде БЖТ төлеген.
«Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан көш бастап тұр. Жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша Алматының еншісінде.
Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 29 мамырына дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 70,2 миллиард теңгеден астам жарна аударылды.
Оның 61,2 миллиард теңгесі жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 9 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі», - деді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тлеухан Әбілдаев.