Экономика 24.07.2020 сағат 07:53

«Қазақстанды соңғы 20 жылда болмаған дағдарыс күтіп тұр» - Халықаралық қаржы ұйымы

2020 жылы кедейлік деңгейі 8,3-тен 12,7 пайызға жетуі ықтимал. Бұл – 800 мыңнан астам адам кедей өмір сүреді деген сөз.
«Қазақстанды соңғы 20 жылда болмаған дағдарыс күтіп тұр» - Халықаралық қаржы ұйымы
фото: forbes.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кедейлер көбейіп, теңсіздіктің арасы алшақтайды. Дүниежүзілік банк Қазақстанға қатысты осындай көңіл көншітпейтін болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

«Пандемия кесірінен Қазақстанды соңғы 20 жылда болмаған экономикалық дағдарыс күтіп тұр», - дейді Халықаралық қаржы ұйымының сарапшылары. Экономика әлсіреп, бюджетте табыстан гөрі шығын көлемі артуы мүмкін. Банктың есебі бойынша, қазірдің өзінде Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 3 пайызға қысқарып, еңбек нарығы тежелген.

Сарапшылар білім беру саласына да тоқталған екен. Ол жақта да үміттен күдік басым. Яғни коронавирус сапалы білімге кері әсер етеді. Себебі, аз қамтылған топтар қашықтан оқу үшін балаларына барлық жағдай жасауға мүмкіндігі жоқ депті Дүниежүзілік банк сарапшылары.

Ұзақ уақытқа созылған дағдарыстың салдары Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейін арттыруы мүмкін. Болжамдарға сүйенсек, 2020 жылы кедейлік деңгейі 8,3-тен 12,7 пайызға жетуі ықтимал. Бұл – 800 мыңнан астам адам кедей өмір сүреді деген сөз.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар