«СК-Фармация» басшылары мен қызметкерлерінің жалақы көлеміy жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, bairaq.kz-ке сілтеме жасап.
Cайттағы мәліметке сүйенсек, менеджер 200 мың теңгеден, бас менеджер 350 мың теңгеден, әкімшілік және басқару персоналы 450 мың теңгеден бастап алады екен.
Ал басқарма мүшелерінің, оның ішінде басқарма төрағасының 750 мың теңгеден бастап айлық алатыны белгілі болды.