$ 448.15  483.46  4.86

Павлодарлық волейболшылар 4 жылдан бері төленбеген жалақысын алатын болды

Кездесуге қатысқан спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы – 30-ға жуық адам ұсынылған шарттармен келісті және олармен мүмкіндігінше тезірек есеп айырысуды сұрады.

Павлодарлық волейболшылар мен билік жалақы бойынша берешекті өтеу мәселесінде ымыраға келді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық туризм және спортты дамыту басқармасының мәлімдеуінше, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов әйелдер және ерлер волейбол клубтарының өкілдерімен кездесті.

Ол спортшылар мен жаттықтырушылар алдындағы міндеттемелерден ешкім бас тартпайтынын және 2019 жылдың қараша-желтоқсан айларында қалыптасқан барлық қарыз толығымен өтелетінін атап өтті. Бұл үшін жергілікті билік демеушілік қаражат іздестіруде.

«Өкінішке қарай, жинақталған қарыз – шамамен 100 миллион теңге соңғы төрт жыл ішінде жылдан жылға көшіп отырды. Осы уақыт ішінде олар біздің демеушілермен жасалған жаңа меморандумдар есебінен жабылып отырған болатын. Биыл демеушілік қаражат басқа қажеттіліктерге, соның ішінде коронавируспен күресу шараларына бөлінді.

Қарыздың бір бөлігін осы жылдың соңына дейін, қалғанын жаңа меморандумға қол қойылғаннан кейін өтейміз. Біз қарыздардың белгілі бір үлесін алдағы бір жарым-екі ай ішінде төлей бастаймыз», - деп атап өтті өңір басшысының орынбасары.

Сәкен Шаяхметов қалыптасқан жағдай үшін спортшылардан кешірім сұрап, Павлодардың волейбол клубтарын алдағы маусымға бюджеттік қаржыландыру басталатынына сендірді. Алайда, бюджеттік заңнама бұл қаражаттан спортшылар мен жаттықтырушыларға жалақы төлеуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан ойыншылармен есеп айырысу үшін жаңа демеушілер тартылатын болады.

Кездесуге қатысқан спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы – 30-ға жуық адам ұсынылған шарттармен келісті және олармен мүмкіндігінше тезірек есеп айырысуды сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары