$ 495.2  522.34  4.94

Банктер мен айырбастау пункттері жұмыстарын 17:00-ге дейін істейтін болды

Сонымен қатар, бұйрықта қызметтерді барынша онлайн-режимде көрсетуді қамтамасыз ету керектігі аталып өткен.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

«Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» Ұлттық банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұйрыққа сәйкес, 2020 жылғы 7 қыркүйектен бастап өндірістік қажеттілік болған кезде филиалдың штат санының кемінде 30% қызметкері қашықтан жұмыс істеу нысанына ауыса алатын екінші деңгейдегі банктердің филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% қызметкерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етуі керек.

«Жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін белгіленетін екінші деңгейдегі банктерді және қызметін Ұлттық банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның негізінде айырбастау пункттері ғана арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін белгілесін», - делінген құжатта.

Сонымен қатар, бұйрықта қызметтерді барынша онлайн-режимде көрсетуді қамтамасыз ету керектігі аталып өткен. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары