Экономика 14.09.2020 сағат 01:30

ШҚО-дан – шетелге: жеке кәсіпкер тары-талқанды экспорттай бастады

Кәсіпорын күніне бидай, сұлы және тарының 3 тоннасын өңдеп, өнім шығарады. Қазір өндіріс ошағында 10 адам еңбек етеді.
ШҚО-дан – шетелге: жеке кәсіпкер тары-талқанды экспорттай бастады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан қаласының тұрғыны Бірлік Мамырбек тары-талқан өндірісін жандандырды, деп жазады «Айқын» газеті.

Кәсіпкер осыдан 7 жыл бұрын Қытайдан көшіп келген. Кейін бауырларымен бірігіп, ұмыт болған өнімді шығара бастады. Бүгінде тауар үлкен сұранысқа ие. Тіпті, Қазақстаннан бөлек, шет елдерге экспорттала бастады. Ал оған қажетті шикізат Зайсанда өседі.

«Ұлттық өнімімізді жаңғыртып жатырмын. Жоғымызды түгендесек, қазақ бұдан да құдыретті, бұдан да мықты ел болады. Ата-бабаларымыздың жеген асын ұмытпауымыз керек. Бір-екі айда шығып қалады деп отырмын. Балалар талқанының атауын «Батыр бала» деп қойдым», – дейді Бірлік Мамырбек.

Кәсіпорын күніне бидай, сұлы және тарының 3 тоннасын өңдеп, өнім шығарады. Қазір өндіріс ошағында 10 адам еңбек етеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар