02.10.2020, 11:40

Елімізде доллар тағы қымбаттады

Фото: tengrinews.kz
Ақша айырбастау орындарында 1 доллар 432,13 теңгеге сатылып жатыр.

Қазақстанда доллар қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты KASE қор биржасына сілтеме жасап.

2 қазандағы таңертеңгі жағдай бойынша, доллардың орташа құны 430,79 теңге болды. 1 қазанда шетелдік валютаның биржадағы бағасы 429,54 теңге болған еді.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында 1 доллар 432,44 теңге, шетел валютасын сатып алу - 429,05 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында 1 доллар 432,13 теңгеге сатылып жатыр, ал сатып алу - 430,71 теңге.