Экономика 03.11.2020 сағат 00:50

Jýsan Bank пен АТФ банкті сатып алмақ

АТФБанк барлық қызметін стандартты режимде жалғастырады.
Jýsan Bank пен АТФ банкті сатып алмақ
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Jýsan Bank пен АТФБанк акционері Г.Есенов АТФ Банк акциясының 99,76%-ын Jýsan банктің сатып алуы туралы алдын ала келісімге келді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қол қойылған келісім шеңберінде 2020 жылғы қараша айында тараптар АТФБанк акцияларын сатып алу-сату шартын жасасуға ниетті. Сатып алу-сату шартын жасасқаннан, сондай-ақ ҚР қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігі оны мақұлдағаннан кейін, АТФБанктің акционері Jýsan Bank қосымша эмиссиясының шеңберінде Jýsan банк акцияларының бір бөлігін сатып алады», - делінген хабарламада.

АТФБанк барлық қызметін стандартты режимде жалғастырады, клиенттері үшін қолданыстағы қызмет түрлеріне қолжетімділікті толық көлемде сақтайды және қамтамасыз етеді.

Jýsan Bank First Heartland Securities инвестициялық компаниясының еншілес ұйымы болып табылады. Jýsan Bank, дәстүрлі банктік сервистердің кең желісінен басқа, Jýsan қаржы тобы компанияларының өнімдері мен қызметтерін: Jýsan Invest брокерлік қызметтерін және Jýsan Garant сақтандыру қызметтерін біріктіретін өз экожүйесін дамытуда.

АТФБанк Қазақстандағы ең ірі банктердің қатарына кіреді. 25 жылдық тарихында АТФБанк бүкіл Қазақстан бойынша Private Banking клиенттері мен корпоративтік секторға арналған банктік қызметтердің толық спектрін көрсете отырып, әмбебап профильді дамытып келеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар