Экономика 04.11.2020 сағат 18:20

Шетелдік инвесторлар қазақстандық жобалардан бас тарта бастады

Биыл осы бағытта бұл сома алты есе қысқарып қалған. Оның үстіне инвесторлар дайын тұрған жобалардан да бас тарта бастады.
Шетелдік инвесторлар қазақстандық жобалардан бас тарта бастады
Фото: bairaq.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкенттен Ресей инвесторы кетіп қалды, Атыраудағы газохимиялық кешеннен Borealis халықаралық компаниясы бас тартты. Биыл осыған ұқсас жағымсыз жаңалық көп, деп жазады nege.kz порталы.

Инвесторлар неге бізге сенбей отыр?

UNCTAD сарапшыларының болжауы бойынша, биыл Қазақстан бар-жоғы 1 миллиард доллардан астам тікелей шетел инвестициясын тартпақ. Оған әлемдегі коронакризис, инвесторлардың болашаққа сенімсіздікпен қарауы және мұнай бағасының құлдырауы себеп болған.

Ұлттық банк мәліметінше, былтыр елге келген тікелей инвестициялар көлемі 6,5 миллиард долларға жеткенін ескерсек, биыл осы бағытта бұл сома алты есе қысқарып қалған. Оның үстіне инвесторлар дайын тұрған жобалардан бас тарта бастады.

«Кірістілік төмендеп жатқан қазіргі уақытта кез-келген инвестицияның тәуекелі артып отыр», – деп түсіндіреді мұны қаржы сарапшысы Владислав Туркин.

«Экономиканың жағдайы барлық салаларға, оның ішінде тікелей инвестицияларға да кері әсерін беруде».

«Бізде қазір экономикалық дамудың тоқырауы тек бюджет шығыстары есебінен бүркемеленіп отыр. Бірақ экспорт кірісінің төмендеуін біз ештеңемен алмастыра алмаймыз. Мемлекеттің экономикадағы тым басым үлесі мен мемлекеттік шығыстардың артуы инвесторлардың мүмкіндік аумағын тарылтады»

Владислав Туркиннің айтуынша, инвестиция құйып, тұрақты кіріс алуға болатын салалардың барлығына мемлекеттің өзі жайғасып алған. Сондықтан жеке инвесторларға тек тәуекелі көп, күмәнді жобалар ғана қалып отыр. Ал қазіргі коронакризис жағдайында ондай жобаларға есебі мықты еш инвестордың тәуекел ете қоймайтыны түсінікті.

Бізде инвесторлар тартуға Сауда және интеграция министрлігі, Индустрия және инновациялық даму министрлігі, тіпті елшілер арқылы Сыртқы істер министрлігі, сонымен қатар әр өңірдегі әкімдер жауапты. Мұндағы бір парадокс – инвестицияға жауапты органдардың саны артқан сайын, елге тартылып жатқан инвестиция көлемі азайып барады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар