19.11.2020, 14:40

100 теңгелік монеталардың жаңа түрлері айналымға түсті (ВИДЕО)

Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың айтуынша, монеталардың параметрлері өзгеріссіз сақталған, сондықтан төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта жабдықтау қажет емес.

Қазақстанның бірнеше өңірінде "Дала қазыналары" монеталар сериясының JETI QAZYNA монеталары айналымға түсті, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Олар қарапайым монеталармен бірге қолданылады. Номиналы 100 теңгелік жеті JETI QAZYNA монетасы: ER JIGIT, SULÝ ÁIEL, QUMAI TAZY, AQYL BILIM, BEREN MYLTYQ, JÚIRIK AT, QYRAN BÚRKIT заңды төлем құралы саналады және олар төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті - олармен тауарлар мен қызметтерді төлеуге болады.

Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың айтуынша, монеталардың параметрлері өзгеріссіз сақталған, сондықтан төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта жабдықтау қажет емес.

"Кәсіпкерлер монеталарды қабылдаудан бас тартса, оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабы бойынша ескерту жасалады. Жағдай бір жылда қайталанса, 5-тен 25 АЕК-ге дейін (69 450 теңге) айыппұл қарастырылған.

Осындай шағыммен Ұлттық банктің жақын жердегі филиалына жүгіне аласыз. Өз тарапымыздан оқиғаны видеоға түсіруге немесе монетаны қабылдаудан бас тарту себебін жазып берулерін талап етуге кеңес береміз", - деп толықтырды Жомарт Қажымұратов.

 

Тегтер: монета