$ 494.87  520.65  4.91

БЖЗҚ жинақтарының сомасы 4,18 трлн теңгеге жетті

2014 жылғы 1 шілдедегі ахуал бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы 4,18 триллион теңгеге жетті деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Баспасөз хабарламасында айтылғандай, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 9 947 243 бірлікті, зейнетақы жинақтарының сомасы - 4,18 трлн. теңгені құрады. Жылдың басынан бергі таза инвестициялық табыс - 147,4 млрд. теңге. Зейнетақы төлемдерінің сомасы - 38,8 млрд. теңге.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қолданыстағы зейнетақылық заңнамаға сәйкес, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарын тартумен айналысады; зейнетақы жинақтарын төлеуді және зейнетақы активтері мен инвестициялық портфельді есептеуді жүзеге асырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру туралы барлық шарттар бойынша құқық мирасқоры болып табылады және бұған дейін жеке жинақтаушы зейнетақы қорларына бөлініп кеткен барлық зейнетақы активтерін жинақтайды.

Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ-да кең ауқымды өңірлік желі құрылған.

«Бүкіл республика бойынша БЖЗҚ-ның 220 бөлімшесі жұмыс істейді. 2014жылғы 1 шілде бойынша БЖЗҚ құрылымына Қазақстанның әрбір облыс орталығында және Астана, Алматы, Жезқазған, Семей қалаларында бір-бірден барлығы 18 өңірлік желі кіреді», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары