$ 494.87  520.65  4.91

Әкімшілік айыппұл арқасында ел бюджеті 278 млн. теңгеге толықты

Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудан ағымдағы жылы еліміздің бюджеті 278 млн. теңгеден астам қаражатпен толықты, деп хабарлайды Baq.kz.

Бас Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қыметі мәлімдегендей, ағымдағы жылы алғаш рет әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу 56,7 пайызға жетіп отыр.

«Бүгінгі күні барлық салынған 47 млрд. теңге айыппұлдың 26,7 млрд. теңгеден астамы өндіріп алынған. Бұл ретте, салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша өткен жылдың деректерінен 7 млрд. астам теңгеден және өндіріп алынған әкімшілік айыппұлдар бойынша 10 млрд. теңге көп», делінген хабарламада.

Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың елеулі өсуі Ақтөбе (11,5-тен 84,7%), Атырау (32-ден 77,2%), Маңғыстау (13,6-дан 70,3%) облыстарында анықталды.

Аталған жұмыстың тиімділігіне көбінесе прокуратура органдарының әкімшілік полиция органдарымен және Сот актілерін орындау жөніндегі облыстық департаменттердің бірігіп жүргізген акциялары мен рейдтері септігін тигізген.

Осындай барлық бірлескен шаралардың қорытындысы бойынша ағымдағы жылы еліміздің бюджеті 278 млн. теңгеден жоғары сомаға толықтырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары