$ 444.32  473.33  4.76

«Бұл екі мекеме бизнесті тұншықтыруды ғана біледі» - Азат Перуашев

Оның айтуынша, былтыр Бас прокуратура 16 заңсыз қылмыстық істі тоқтатты және кәсіпкерлердің заңды құқығын бұзғаны үшін экономикалық тергеу қызметінің 150 адамын жауапқа тартқан.
фото: liter.kz
фото: liter.kz

Мәжілісмендер жемқорлыққа қарсы агенттік пен экономикалық тергеу қызметіне де шүйлікті, деп хабарлайды Астана арнасы. 

«Екі мекеме бизнесті тұншықтыруды ғана біледі» - дейді Азат Перуашев. Ал экономикалық қылмыспен күресетін тағы бір агенттіктің құрылуы сұрақты одан бетер көбейтуі мүмкін екен. Сондықтан депутат жаңа агенттіктің қызметін қайталайтын болса, алдығы екеуін қысқарту қажет деген пікірде.

"Елімізде осыған ұқсас мәселемен айналысатын екі мемлекеттік орган –  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Экономикалық тергеу қызметі бар. Олардың қызметі қандай да жолмен бизнеске қысым жасаумен байланысты. Былтыр "Ақ жол" фракциясының сұрауы бойынша Бас прокуратура 16 заңсыз қылмыстық істі тоқтатты және кәсіпкерлердің заңды құқығын бұзғаны үшін экономикалық тергеу қызметінің 150 адамын жауапқа тартты", - деді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

 Мәжілісменнің сөзінше, бір-бірінің қызметін қайталайтын органдардың өкілетілігін реттемесе, онсыз да пандемияда пайдадан қағылған бизнеске кері әсерін тигізеді. Күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке көлеңкелі бизнесті жойып, салықтан әдейі жалтаратындармен күресті күшейту керектігін мәлімдеген. Мемлекет басшысы осы мақсатта президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды да тапсырды. 1994 жылы жасақталған осындай агенттік 2014 жылы таратылған болатын. Ал президент міндеттеген тапсырманың қашан жүзеге асырылатыны әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары