$ 444.32  473.33  4.76

Экономистер биыл тұрғын үй алмауға кеңес берді

Нарықта баға тұрақтанғанын күткен жөн.
фото: фото: matritca.kz
фото: фото: matritca.kz

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат берілгелі жылжымайтын мүлік құны күрт өсті. Риэлторлар баспана бағасы өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 8 пайызға қымбаттаған дейді. Экономистер де баға тіпті жазда да қымбаттауы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

 «Үйді келесі жылы алсаңыз да болады. Нарықта баға тұрақтанғанын күткен жөн. Мәселен менің де жинағаным бар, бірақ биыл баспана аламын деген жоспарым жоқ. Өйткені баға әлі де өседі, сондықтан келесі жылды күтемін», - дейді экономист Арман Байғанов.

Ал риэлторлық орталықтың директоры Ғалым Ысқақ, бұл бастама баспанасын аңсаған халықтан бөлек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үшін де, сондай-ақ банктер үшін де тиімді дейді.

«Соңғы жылдары қорға ақша аудармайтындар саны артты, әсіресе жастар арасында. Қорға деген сенім жоғалып барады. Ал мемлекет мерзімінен бұрын ақшаны жұмсауға рұқсат беру арқылы халықты керісінше қайта қорға ақшаны көптеп аударуға ынталандырып отыр. Ақшаны шешіп, үй алып жатқандардың көбі банкке жүгінеді. Осылайша қор, артынша банкте ақша айналымы артып, бұл жүйеден ұтып отыр», - дейді Жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Ғалым Ысқақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары