06.04.2021, 11:00

Қазақстан 2 ай ішінде шетелге 115,1 млрд теңге аударған

фото: ашық дереккөзі
Бір жыл бұрын халықаралық ақша аударымдар жүйесі арқылы жіберілген қаражаттың көлемі шетелден аударылған ақшаның көлемінен 2 есе көп болған.

2021 жылдың қаңтар-ақпанында елімізден шетелге 115,1 млрд теңге немесе өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп қаражат аударылған, деп хабарлайды, inbusiness.kz порталы 

 Осы кезеңде халықаралық ақша аударымдар жүйесі арқылы шетелден Қазақстанға 41,2 млрд теңге жіберілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6%-ға көп.  Алайда Қазақстаннан шетелге 3 есе көп ақша аударылған: 115,1 млрд теңге. Бұл 2020 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 37,7%-ға артық.

Бір жыл бұрын халықаралық ақша аударымдар жүйесі арқылы жіберілген қаражаттың көлемі шетелден аударылған ақшаның көлемінен 2 есе көп болған.  Елімізден шетелге жіберілген қаражат көлемі бойынша алғаш рет Түркия көш бастады: осы жылдың қаңтар-ақпанында бұл елге 28 млрд теңге жіберілген. Екінші орында Ресей тұр: бұл елге 27,7 млрд теңге аударылған.  Үздік үштікті Қырғызстан қорытындылайды – 22 млрд теңге.  

Шетелден аударылған ақшаның көлемі бойынша Ресей көшбасында: қаңтар-ақпанда бұл елден 8,3 млрд теңге алынған. Бұл шетелден аударылған барлық қаражат көлемінің – 20,2% (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 30,9%). Кейін тізімде Өзбекстан (7,4 млрд теңге), Оңтүстік Корея (6,3 млрд теңге) және Қырғызстан (5,4 млрд теңге) тұр. Түркиядан Қазақстанға 1,7 млрд теңге аударылған. Бұл елімізге жіберілген қаражаттан 17 есе аз.