$ 444.22  476.38  4.82

Forbes миллиардерлерінің тізімі тағы үш қазақстандықпен толықты

Америкалық Forbes басылымы әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған тізімін жариялады.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Сейсенбі, 6 сәуірде америкалық Forbes басылымы әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады. Оған алғаш рет Kaspi.kz құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе, сондай-ақ Freedom Finance басшысы Тимур Турлов кірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тізімдегі қазақстандықтар:

Әлемдік рейтингте қазақстандық дәулетті азаматтардың көшін Владимир Ким бастап тұр. Ол $4,6 млрд дәулетімен жалпы тізімде 622-орынға ие болды. Оның байлығы өткен жылдан бері 3,7 миллиард доллардан 900 миллион долларға өскен.

Қазақстандықтар тізімінде екінші және әлемде 891-ші орынды Болат Өтемұратов иеленді. Оның капиталы бір жылда $700 млн-ға, яғни $2,7 млрд-тан $3,4 млрд-қа дейін ұлғайды.

Қазақстандық бизнесмендер арасында Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі Вячеслав Ким 3,3 миллиард доллар капиталымен үшінші орынға, ал әлемдік тізімге алғаш рет еніп, 925 орынға ие болды. Оның Kaspi.kz-тегі үлесі 25% -ды құрайды. Қазан айында Kaspi.kz Лондон биржасына шықты, депозитарлық түбіртек (GDR) үшін орналастыру $33,75 өтті. Ал 2021 жылдың 6 сәуірінде бір GDR құны $75 дейін өсті, компанияның нарықтық капитализациясы £10,1 млрд-қа (шамамен $13,9 млрд) жетті.

Қазақстандық төртінші және әлемдегі 956-шы бизнесмен Вячеслав Кимнің серіктесі Михаил Ломтадзе болды, оның байлығы 2,3 млрд доллар. Ол Kaspi.kz-тің 23% иемденеді. Ломтадзе - Грузия азаматы, бірақ оның капиталы Қазақстанда, сондықтан әлемдік тізімде ол қазақстандық бизнесмен болып есептеледі.

Қазақстандықтар арасында бесінші және жаһандық тізімде 1111 орынды Тимур мен Динара Құлыбаевалар иеленді. Олардың әрқайсысының капиталы - $2,8 млрд.

Алғаш рет тізімге $2,2 млрд капиталы бар Тимур Турлов кірді. Ол қазақстандықтар арасында алтыншы және әлемде 1517-ші орында. Қазан айында Тимур Турлов бақылау пакетін иеленген Freedom Holding Corp инвестициялық тобы NASDAQ Capital Market-ке шықты. Компанияның нарықтық капитализациясы 6 сәуірде 3,29 миллиард долларды, ал бір акцияның құны 56,61 долларды құрады.

Айта кетейік, төртінші жыл қатарынан әлемдегі ең бай адам Джефф Безос болды. Оның байлығы - $177 млрд.

Екінші орында Илон Маск ($151 млрд), ал үшінші орынға Бернар Арно ($124 млрд) жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары