$ 494.87  520.65  4.91

Астанадағы океанариумның банкрот алдында тұрғаны рас па?

Су жануарларын тамақтандыру қиынға түсіп жатыр.
фото: gokazakhstan.ru
фото: gokazakhstan.ru

Карантиндік шектеулерге байланысты елімізде көптеген бизнес көздерінің жабылып қалу қаупі төніп тұрғаны белгілі. Мұндай банкрот болу алдында тұрған нысандардың ішінде еліміздегі жалғыз бірегей жоба - Астана океанариумы бар көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

inbusiness.kz сайтының жазуынша, жалғыз океанариумға иелік ететін компания ресми instagram аккаунтында осыған ұқсас жазба жарияланған. Онда су жануарларын тамақтандыру қиынға түсіп жатқаны, әрі бұлай жалғаса берсе, океанариумның жабылып қалуы мүмкін екені айтылған.

«Жоба 2003 жылы барлық жас пен ұлттағы елорда қонақтарының, келушілердің дүниетанымын кеңейту үшін құрылған болатын. Бұл жоба мұхиттар мен теңіздерден алшақ жатқандықтан, идеясы бойынша революциялық болып саналды. Ал қазіргі уақытта отбасылық демалыс орталығы адамсыз мүлдем құлазып қалды. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің шектеулер енгізуіне байланысты біздің кешеннің қызметі толық тоқтатылды.

Ең күрделісі – мұхитариумды ұстап тұру. Онда 100-ден астам түрге жататын 3 мыңға тарта теңіз жануары тіршілік етеді. Оларды қоректендіру үшін ай сайын минтай, майшабақ, скумбрия, кальмар, өсімдік тектес жем секілді 1,5 тоннадан астам азық сатып алынады. Күн сайын тамақтандыру керек: орташа есеппен 50 келі азық кетеді. Өкінішке қарай, біз бірегей, бірақ тілі жоқ тіршілік иелеріне табысты жоғалтқанымызды және оларды тамақтандыра алмайтынымызды түсіндіре алмаймыз. Қалада сауда, ойын-сауық орталықтары жұмыс істеп тұр. Ал коронавирус таралуының алдын алу іс-шараларының бәрін өткізгеніне қарамастан, Ailand отбасылық демалыс орталығының есіктері келушілер үшін жабық тұрғаны қынжылтады», – делінген компанияның instagram парақшасында.

Аталмыш дерек көзінің жазуынша, әртүрлі салықтар мен жемазықтар сыртында нысанды жарықтандыруға, сумен, жылумен, электрмен жабдықтауға ай сайын шамамен 18 миллион теңге шығындалады екен.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары