Қазақстандықтар Түркияға алған ақшасынан 17 есе көп ақша жіберді: 4 млрд теңге кіргізіп, 65 млрд теңге шығарды.
Бұл туралы Orda.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
2021 жылдың басынан бастап Қазақстаннан жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 275,9 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 82,5%-ға көп.
Қазақстандықтар 91,9 млрд теңге алып, бір жылдағы өсім 13,6% құрады.
Сарапшылардың айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында шетелге жіберілген қаражаттың шамамен 85%-ы немесе 233,1 млрд теңге тек төрт мемлекетке тиесілі:
Түркия (65,1 млрд теңге)
Ресей (63 млрд теңге)
Өзбекстан (56,1 млрд теңге)
Қырғызстан (48,9 млрд теңге).
Шетелден алынған қаражаттың жартысынан көбі үш елден келді:
Ресей (18,4 млрд теңге)
Өзбекстан (16,3 млрд теңге)
Оңтүстік Корея (13,8 млрд теңге).
Ресей мен Өзбекстанға ол жақтан алынғаннан 3,4 есе көп ақша жіберілді. Қырғызстанға 4,2 есе, Түркияға алынғаннан 16,9 есе көп ақша жіберілді.