$ 494.87  520.65  4.91

«Барлық қызмет электронды форматқа көшеді»– Қаржы министрі

Оның айтуынша, министрлік тарапынан жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 50 түрі көрсетіледі, оның ішінде 46 немесе 92% электрондық түрде жүргізіледі.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Барлық қызмет түрі электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы онлайн режимде халық алдында есеп беруі кезінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 «Ведомствоның құрылымына тоқталсам, қазір Қаржы министрлігінің штат саны 16 247 бірлікті құрайды. Соңғы екі жылда министрлік ауқымды оңтайландыру жұмыстарын жүргізді. Осы орайда 1 965 бірлік қысқартылды. Бүгінгі таңда Министрліктің құрылымы орталық аппараттан, 4 ведомстводан және 3 ведомстволық бағынысты ұйымнан тұрады», - деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша, министрлік тарапынан жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 50 түрі көрсетіледі, оның ішінде 46 немесе 92% электрондық түрде жүргізіледі.

«2020 жылы барлығы 22,9 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 22,2 млн немесе 97% электрондық түрде. Болашақта барлық қызмет түрін электронды форматқа көшіру жоспарымызда бар. Жалпы, министрлік өз қызметінде барынша ашықтық пен конструктивті тәсілді алға тартады. Қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Мемлекеттік қаржы қоғамдық кеңесі өз жұмысын сәтті атқаруда. Осының барлығы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келеді», - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары