$ 445.66  474.58  4.78

Кентауда мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Мейрімді жүрекпен» акциясы аясында 20 мүмкіндігі шектеулі азамат күн сәулесімен жүретін электронды арбамен қамтамасыз етілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Осынау игі іс қала әкімдігі мен Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілетті кеңесі арасында түзілген меморондум негізінде жүзеге асқандығын айта кету керек.

Қайрымдылық шараға қала әкімінің орынбасары Рашид Мыңбай, ХҚТУ-нің вице-президенті Мустафа Нурсай мен Түркия Республикасы ТИКА ұйым өкілі Сатылмыш Невзатулла, қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «АСАР» облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты.

Аталған электронды арба қолмен емес, көлік секілді басқару арқылы жүргізіледі. Күн сәулесімен жүретін бұл құрылғының қуаты 30 шақырым жерге дейін жүруге мүмкіндік береді. Бір электронды арбаның құны 800 АҚШ долларын құрайды екен.

Айта кетейік, биыл тамыз айынан бері Созақ ауданында мүгедектерді тасымалдау қызметі іске қосылған болатын. Инватакси қызметі І топтағы, бала жастан мүмкіндігі шектеулі, жүріп-тұруы қиын, арбада отыратын жандарға жұмыс орны, оқитын орны, уәкілетті және орындаушы органдар, сот, прокуратура және де әлеуметтік салалар объектілері, әділет басқармасы, нотариус, медициналық мекемелер, автовокзал, сондай-ақ, арнайы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер бағыттары бойынша қызметін ұсынуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары