29.09.2016, 09:45

Астанадағы агротехникалық университетінің жас ғалымдарына пәтер берілді (ФОТО)

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің докторанттары мен магистранттары ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай баспаналы болды. Жас ғалымдарға жаңа пәтерлердің кілттерін бүгін университет ректоры Ақылбек Күрішбаев сыйлады.

Айта кетейік, аталған ЖОО Есілдің сол жағалауынан 120 пәтерлік 5 қабатты үш үй тұрғынған болатын. Бұл соңғы 30 жыл ішінде университетте салынған үлкен құрылыс нысаны әрі қазіргі дағдарысқа қарамай мемлекеттің білім беру саласына жасап жатқан үлкен қамқорлығының көрінісі. Қызметтік пәтер кілттерін жас оқытушылар, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде тағылымдамадан өткен және «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары алды.

– Тұрғын үйге қол жеткізу кез-келген азаматтың арманы. Осы көптен күткен арман-тілек орындалып бір сәтте 120 жас отбасы пәтер кілтін алып, шексіз қуану үстінде. Бұл үйде тұратындар еліміздің ғылымына еңбек сіңіріп жүрген жас ғалымдар, «Болашақ» стипендианттары, біздің әріптесіміз АҚШ-тың атақты Калифорния Девис университетінің тағылымдамасынан өткен докторанттар екендігін аттап өтті. Жаңа үйлеріңіздің іргетасы мықты, керегесі кең, шаңырағы биік болсын! Ішінде тек қана татулық пен береке, қуаныш пен бақыт салтанат құрсын! – деді Ақылбек Күрішбаев.

Сонымен қатар, салтанатты мерекеге келген қонақтар пәтер иелерінің үйлеріне кіріп, ақ тілектерін білдірді.