$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да 4 мыңға жуық азамат тіл оқып үйренген

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай түрлі сала мамандары атқарған жұмыстарына есеп беруде. Мәселен, ағымдағы жыл басынан бері ОҚО-да 4 мыңға жуық адам қазақ тілін үйреніпті. Бұл туралы Шымкенттегі Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Қасым Ағабеков  мәлім етті.

Осы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды баяндаған Қ.Ағабеков облыстағы 14 аудан мен қалада мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдерін оқытатын орталықтарда 3839 азамат тілді тегін оқып үйренген. Олардың ішінде 1665-і мемлекеттік тілді, ал 931-і орыс тілін үйренсе, 1243-і  ағылшын тілді оқып меңгерген.

Жалпы облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 91%, орыс тілін меңгергендер үлесі 62,5%, ағылшын тілін меңгергендер үлесі 8%-ға жетті. Ал үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгергендердің үлесі 10,2%-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, баяндамашы Елбасы міндеттеген үштілділік мәселесі бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.

«Бұл бағытта 45-тен астам іс-шара мен дөңгелек үстелдер, байқаулар өткізілді. Жергілікті, аудандық, қалалық БАҚ-та үш тілділікті дамыту жөнінде 60-тан астам мақалалар жарық көрді. Басқарманың ұйымдастыруымен «Облыстық біліктілікті арттыру» семинары, «Тіл шебері» облыстық байқауы, облыстық «Абай оқулары» байқауы,  «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен», Көркемсөз оқу шеберлерінің О.Бөкей атындағы XVIII облыстық байқаулары өткізілді»,-деді Қ.Ағабеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары