$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да «Еңбек күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов «Еңбек күні» мерекесіне арналған жұмысшылар мен еңбек династияларының облыстық форумына қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімі барша еңбек қызметкерлерін кәсіби мерекемен және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, осы салада ұзақ жылдар тер төккен ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады. 

Бұл күні өз саласында талмай еңбек етіп, өз ісінің білгірі атанған 28 азаматқа «Еңбек ардагері», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі және облыс әкімінің грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.

Сондай-ақ, мерекелік жиында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары да құрмет пен қошеметке бөленді. 

Айта кеткен жөн, биыл Еңбек мерекесін атап өту жыл бойына тойланып, облыста түрлі іс-шаралар мен конкурстар ұйымдастырылуда. 

Еске салайық, Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығы бойынша елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі – «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленген. Осыған сәйкес, биыл аталған мейрам республикамызда үшінші рет аталып өтуде. Бүгінде облыста 9 Социалистік Еңбек Ері, 1 Қазақстанның Еңбек Ері тұрады.

Айта кетейік, күні кеше Шымкент қаласының әкімі ҒҢабидолла Әбдірахымов қаланың ең қарт тұрғындарын да Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен және Қала күнімен құттықтап, үйлеріне кіріп шықты. Биыл 107 жасқа толған зейнеткер Назым Мәмбетәлі Шымкенттің ең кәрі тұрғыны болып саналады. Ардақты ана 1909 жылы Отырар ауданында дүниеге келген. Тыл еңбеккері өзінің ұзақ ғұмырында колхозда еңбек еткен. 10 баладан 31 немере, 19 шөбере сүйді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары