$ 446.49  475.38  4.79

Алдағы уақытта теңге бағамы қалай өзгереді? Министрлік жауап берді

Базалық сценарий кезінде мұнай бағасы барреліне 60 долларды, ал доллар бағамы 425 теңге болады.

 Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның 2022–2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды деп жазды Sputnik.

Сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты Қазақстан экономикасын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған базалық, оптимистік және пессимистік сценарийлері әзірленді.

Базалық сценарий кезінде мұнай бағасы барреліне 60 долларды, ал доллар бағамы 425 теңгені құрайды.

2022–2026 жылдар аралығында ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 4,8% деңгейінде күтілуде. 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3,9% деңгейінде, 2026 жылы 5,2 пайызға дейін жеделдейді.

2022 жылы мұнай өндіру 87,9 миллион тоннаны құрап, 2026 жылы 107,4 миллион тоннаға дейін ұлғаяды.

"Барлық базалық салада оң өсім күтілуде. Негіз ретінде бюджетті жоспарлау үшін базалық сценарийді пайдалану ұсынылады", - деді ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев үкімет отырысында.

Оптимистік сценарий кезінде мұнай бағасы барреліне 70 доллар болса, доллар бағамы – 415 теңге.

2022-2026 жылдар аралығында елдің жалпы ішкі өнімінің орташа жылдық өсімі 5% деңгейінде болжанып отыр. 2022 жылы экономиканың нақты өсімі –  4,1%, 2026 жылы 5,3%-ке дейін үдейді.

Пессимистік сценарий орындалса, мұнай бағасы барреліне 50 доллар, ал доллар бағамы 435 теңгеге жетеді.

Алдағы бес жылда елдің ЖІӨ орташа өсімі 4,6% деңгейінде болжануда. 2022 жылы экономиканың нақты өсімі 3,7%, ал 2026 жылы 4,9%-ке дейін жеделдейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#теңге