$ 444.32  473.33  4.76

Шымкент әкімі қарияларды қарттар күнімен құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шаһардың дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосқан шымкенттік зейнеткерлер мен ардагерлерді төл мерекелерімен және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

- Сіздерді, келе жатқан Халықаралық қарттар күнімен және Қазақстан үшін ең киелі мерекелердің бірі саналатын Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргiзiп жатқан салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiнуде. Жыл сайын зейнетақының өсуi, ардагерлерге жасалып жатқан жеңiлдiктер, көпбалалы аналарды марапаттаумен қатар басқа да шаралар қарт адамдарды қолдау деңгейiнiң жоғары екенiн көрсетедi. «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі, - деді қала әкімі өз құттықтауында.

Айта кетерлігі, қаламызда қазіргі таңда 70 мыңға жуық зейнет жасындағы қарттар мен ардагерлер тұрады. Зейнет жасындағы қарттар мен ардагерлерге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан түрлі әлеуметтік қолдауы көрсетілуде.

Мәселен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай бір жолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 141 ардагерлерге 212100 теңгеден барлығы 29906,1 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. 

Сонымен қатар, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға бір жолғы 2 АЕК, 8754 анаға 37134,5 мың теңге әлеуметтік көмек берілуде. Мұнан тыс, "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мекемесі 454 егде жастағы өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттарға үйде әлеуметтік қызметтер көрсетуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары