$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО әкімі мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті.  Осынау шараға қатысқан өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов барша ұлағатты ұстаздарды төл мерекесімен және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, марапаттады.

«Шәкірттерге білім беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын және тәлім мен тәрбие беретін  ол ең алдымен – мұғалім. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан ұстаздардың ата-анадан кейінгі атқарар рөлі де ерекше. Сондықтан, ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Ұлт болашағын қалыптастыруда уақытпен санаспай атқарған қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге, Ұстаздар, алғыс білдіремін»,- деді өз құттықтауында аймақ басшысы.

Салтанатты шарада шәкірт жолында талмай еңбек еткен өңірдің үш ұстазы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және  білім саласының дамуына өз үлестерін қосқан 18 мұғалім облыс әкімінің Грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, осы күні ұлағатты төрт ұстаз «Ыбырай Алтынсарин» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен наградталса, 10 мұғалімге министрліктің «Құрмет грамотасы» және Алғыс хаттары табысталды.

Айта кетейік,  жалпы облыста 66 мыңнан астам мұғалім бар болса, оның 15343 білім беру ісінің үздігі, ал 13 мыңға жуығы жоғары санаттағы ұстаздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары