$ 474.72  515.17  5.58

Дариға Назарбаеваның құдасы Қазақстандағы ең бай адамдар тізіміне енді

Forbes.kz порталы Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімін жариялады. Көшті бұрынғыша Болат Өтемұратов бастап келеді. Ол ForteBank-тің акционері, "КаРТел" ЖШС-нің 25 пайыз акциясын, "Sky Mobile" компаниясының 49,9 пайыз акциясын иемденіп отыр. Сонымен қатар, Болат Өтемұратов Informburo.kz ақпараттық порталының және "31 арна" телерадиокомпаниясының иесі.

Тізімнің екінші орнына ҚР Президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаев жайғасқан. Оның меншігінде "Қазақстан халық банкі" бар. Forbes мәліметінше, Құлыбаев "Каспий Нефть" АҚ-ның жарты акциясының да иесі.

Ең дәулетті қазақстандықтардың үштігін "Қазақмыс" және Kaz Minerals компанияларының қожайыны Владимир Ким қорытындылады. Төртінші орында "Алма-ТВ" ЖШС басшысы Дінмұхамед Ыдырысов тұр. Ал, "Казкоммерцбанк" акцияларын иемденіп отырған Кеңес Рақышев Forbes түзген рейтингтің бесінші сатысында.

Үздік ондықта сондай-ақ, белгілі кәсіпкерлер Алиджан Ибрагимов, Қайрат Боранбаев, Рашит Сәрсенов, Дәурен Жақсыбек және Нұржан Субханбердин бар.

Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаевтың байлығы Ресейдегі McDonald’s франшизасын сатып алғаннан кейін бірден еселенген секілді. Бұған дейін ол үздік ондыққа кірмейтін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары