$ 498.34  519.72  4.85

Оңтүстікқазақстандық диқандар мақтаның жаңа сұрпын ойлап тапты

Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаның жаңа сұрпы пайда болды. Диқандар ғылымдағы тың жаңалықты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнап отыр және жаңа сұрыпқа «Түркістан» деген атау да беріп үлгеріпті. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мұндай жаңалық Түркістанда дәстүрлі түрде өтетін «Ақ керуен» мақта терімі шарасы кезінде айтылып, жұртшылыққа таныстырылды. Осылайша, Қарашық ауылдық округіндегі «Тұран» шаруа қожалығында өткен жиынға келген қатысушылар алдымен мақта алқаптарын аралаудан бастады.

Биология ғылымдарының докторы A.Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ә.Әлиев сорттардың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Ерекшелігі сол, бұл мақта талшығының ұзындығы кәдімгі сұрыптағы мақтаға қарағанда әлдеқайда жоғары. Яғни, «Түркістан» мақтасының талшығы 4-үлгіге жатады. Мақтаның бұл түрі тоқыма өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Енді түркістандық кәсіпкерлер Оңтүстіктегі тоқыма кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен қамтуға толық кепілдік бере алады.

Айта кетейік, түркістандық мақташылар биыл 17 мың тонна шитті мақта жинауға ниетті. Қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаевтың айтуынша, Түркістанда өткен жылы 3500 гектар жерге мақта егілсе, биыл бұл көрсеткіш 6600 гектарға ұлғайған. 

Ал, диқандардың терген осынау ақ алтыны Шымкенттегі "Текстиль" тоқыма фабрикасына шикізат болады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары