$ 449.3  489.69  4.89

Энергетика министрлігі сұйық газ бағасына қатысты пікір білдірді

Сұраныстың өсуіне көлік санының күрт артуы және мұнай өңдеу зауыттарының кезек-кезек жөндеуге жабылып жатқаны әсер еткен.

Елдегі сұйытылған газ бағасы осы айда өсті. Тіпті кей өңірлерде автогаз құю бекеттері сұйық отынды талонмен ғана беріп отыр деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Сұраныстың өсуіне көлік санының күрт артуы және мұнай өңдеу зауыттарының кезек-кезек жөндеуге жабылып жатқаны әсер еткен.

«2021 жылы ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын тұтыну шамамен 1,6 миллион тонна деңгейінде болжанса, 2019 жылы 1,3 миллион тонна болды. Сұраныстың өсуіне қарамастан өндіру көлемі бұрынғы деңгейде қалды. Биыл қараша айындағы орташа өлшенген көтерме баға тоннасына 151 мың теңге деңгейінде қалыптасты. Республика бойынша орташа бөлшек сауда баға – 99 теңге. Жыл соңына дейін газ бағасы осы межеде сақталады», ˗ дейді Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков.

Сұраныстың артуына қарамастан Қазақстанның шетелге сатып отырған сұйық газы биыл 1 млн 700 мың тоннаға жеткен. Алдағы уақытта экспортты шектеу шаралары жоспарланып отырған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тапшылық #газ