2014 жылы Қазақстанда бункерлік салмақта 17 млн. тонна астық бастырылады, деп бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Қасенов мәлім етті.
—Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысының диқаншылар қыстық дақылдар есебінен жаман өнім алмайды. Бұл- қуантарлық жайт. Бұл өңір ағымдағы жылы гектарына 15 центнерден өнім алады. Мәселен, Ақтөбе облысында алапат ыстық болды. Дегенмен, бұл өңірде де астық шығымы өз шығынын өтейді деп есептейміз. Ал толықтай алғанда, жалпы егістік алқабынан жиналатын бункерлік салмақтағы астық көлемі шамамен 17 млн. тонна болатындығын болжаудамыз, — деді С.Қасенов.
Комитет төрағасының айтуынша, астық терімі басталатын уақытта жаңбыр жауса, бұл өнім түсіміне кедергі келтіруі ықтимал.