24.03.2022, 17:00

Елімізде дәрі-дәрмек импортына тыйым салынуы мүмкін

Бұйрықтың жобасы бойынша, Қазақстан аумағынан кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтауыштарды әкетуге 6 ай көлемінде тыйым салу ұсынылған.

Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталындаа Қазақстаннан тысқару әкетуге тыйым салынатын дәрілердің санаты белгіленген бұйрықтың жобасы талқылауға шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бұйрықтың жобасы бойынша, Қазақстан аумағынан кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтауыштарды әкетуге 6 ай көлемінде тыйым салу ұсынылған. Дегенмен, дәрі-дәрмектің бірнеше санатына бұл құжаттың талабы жүрмейтіні айтылған. Олар:

- Қазақстанның аумағы арқылы өтетін транзиттік тауарлар;

- жеке тапсырыстар бойынша тек жеке пайдалануға арналған медициналық бұйымдар;

- халықаралық ізгілік көмек көрсетуге арналған тауарлар;

- бөлшек саудада өткізу шеңберінде жеке пайдалану үшін әкелінген және сатып алынған тауарлар;

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде алынған дәрілер;

- өткізу құқығынсыз көрмелер өткізуге арналған үлгілер;

- зерттеулер мен сынақтар жүргізуге арналған үлгілер;

- денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалып, қолданылған радиофармацевтикалық препараттар;

- мемлекеттік тіркеу кезінде сараптама жүргізуге арналған үлгілер;

- пациенттің немесе оның донордың аутологиялық биоматериалдарын пайдалана отырып қабылданатын, жеке қолдануға арналған алдыңғы қатарлы терапия дәрілері;

- ЕАЭО кедендік аумағына келген көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж мүшелерін емдеуге арналған дәрі-дәрмектер;

- халықаралық мәдени, спорттық іс-шараларға қатысушыларды және халықаралық экспедицияларға қатысушыларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер;

- Қазақстан тауар өндірушілері өндірген, оларға қатысты тыйым салынған «СТ-1» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатпен сүйемелденетін дәрі-дәрмектер.