$ 494.87  520.65  4.91

Биыл «ҚазАгро» 48 активін сатпақ

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында ағымдағы жылдың екінші жартысында «ҚазАгро» АҚ-ның еншілес компанияларына тиесілі 48 нысан сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАгроМаркетинг» АҚ басқармасының төрағасы Дархан Дәуітов мәлім етті.

— Бүгінде бұл нарықта жекеменшіктер біздің «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорындағы» үлесімізді сатып алуға дайын. Бұған біз де дайынбыз. Бүгінде құжаттары әзірлену үстінде. Ағымдағы жылдың екінші жартысында бұл нысандар сатылады. Сұраныс бар. Қазіргі уақытқа дейін шағын несие ұйымдарының үшеуі сатылды, — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары