$ 448.15  483.46  4.86

Шардара балығы шетелге экспортталып жатыр

Соңғы 25 жылда Оңтүстік қазақстан облысында балық өндірісі өркендей түсті. Бұл тұста Шағалалы Шардара кәсіпкерлерінің қосып отырған үлесі зор. Солардың бірі –  «Хамит» балық өңдеу компаниясы. Су жануарының сүбе етін Грузия, Германия, Украина республикаларына және Ресей Федерациясына жөнелтуде.

Балық шабағын кәсіпорын сырттан тасымалдайды. Тауарды тереңдетіп өңдейтін зауыт соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Өндіріс орны 200 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Зауыт жылына  3 мың  тоннаға  дейін  өнім  өндіруге  қауқарлы.  Мұнда  қос  бірдей желі жұмыс істейді.  Алдымен, балық  сүйегінен  ажыратылады, сосын сүбе еттен филе  жасалады.  Тіпті,  қалдығынан  ұн  да шығарылады  екен.  Тиімділігі  сол,  шикізат  қалдықсыз  өңделеді.  «Сапалы  өнімге  сұраныс  та жоғары», – дейді цех бастығы.

Бауыржан ҚАРАБАЛАЕВ, цех бастығы

–  Негізі көксерке балығын өңдейміз. 30 пайызы өзімізге, қалғаны шетелге экспортталып жатыр. Бұл да болса, еліміздің еркіндікке қол жеткізіп, өз өнімін шығаруға қолдау танытқанының арқасы.

«Хамит»  селолық  тұтынушылар  кооперативі  жылына  өндірген  өнімінің  70 пайызын шетелге жөнелтеді. Негізінен көксерке мен алабұғаның таза етін  экспорттайды. Қақталған қаракөз  бен  табанға да сұраныс жоғары. Сондықтан өндіріс басшылығы балық шабағын Қарағандыдан тасымалдап, оны қолдан өсіріп жатыр. Зауыт  балықтың  сүйектен  ажыратылған  таза еті мен қақталған түріне басымдық берген. Кәсіпорын өз өнімін ЕуроОдаққа кіретін мемлекеттердің нарығына шығаруға арнайы рұқсат алған еліміздегі 10 балық өңдеуші зауыттың бірі. Дайын өнімдерін Ресей, Беларусь елдерімен қатар, Германия мен Францияға да экспорттауға көшті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары