$ 498.34  519.72  4.85

Мемлекет қаржысы депутаттар бақылауында

Мемлекет қажынансынан шыққан әрбір тыйын халық қалаулыларының бақылауында. Түркістанға арнайы барған депутаттар осылай деді. Қала аумағында облыстық бюджет есібінен бой түзеген әлеуметтік нысандарды аралаған топ мүшелері шұғыл жиын өткізді. Рухани шаһардың тыныс-тіршілігін, экономикалық бет алысын бағамдады.

Түркістан алып шаһар. Тәуелсіздік алған соңғы 25 жылда қала түлеп, өңірде құрылыс та қарқын алған. Кенттің  ажарын  ашып, тұрғындарының   тірлігін түзулеткен – салық түсімі екені даусыз. Экономикалық өсімі жоғары аймақта бизнестің аяқ алысы да  қарқын алған.  Шаруаларының дені мал мен егістікке бейім аймақта ауылшаруашылығы саласына тың жобалар енген. Егістік жерлерді суландыру үшін 5 миллиард теңге қаржы бөлінген. Нәтежиесінде 20 мың гектар жердің жағдайы жақсарған.

Халық қалаулыларының Түркістан жерінде бас қосуының өзіндік себебі бар. Мемлекет қаржысының мақсатты жұмсалуын қадағалаушы топ қасиетті мекенде мәдениет саласына бөлінген қаржының негізсіз екенін алға тартты.

Халық қалаулылары екшеген тағы бір мәселе – ауыл аймақтарды жарықтандыру мен таза ауызсу мәселесі. Аграрлы аймақ шаруаларының субсидиямен уақытылы қамтылуы да үнемі депутаттардың назарында болмақ.

РАХЫМБЕРДІ МҮЛКЕМАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Осы ауылшаруашылығы жерлерін суландыру бойынша Қазақстан бойынша жергілікті бюджеттен қаржы бөліп, ең үлкен көлемде жұмыс істеп отырған біздің облыс. Салыстырмалы түрде барлық облыстардың анализін алып көріңіздер. Ал енді бұны бір жылда шешу мүмкін емес. Арнайы этаптармен жасап келе жатырмыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары